Төмендегі пункттерді мұқият оқыңыз да, орындаңыз.
1. Телефонды сөндіріп, үйден шығу. Серуендеу.
2. Шығармашылық кештерге бару.
3. Айына кемі бір рет музейге бару. Картина қарау.
4. Айына кемі екі рет кинотеатрға бару.
5. Деректі, ғылыми-танымдық фильмдер көру.
6. Айына кемі бір рет кітапханаға бару.
7. Таныстармен кемі аптасына бір рет кездесу. Елдегі жағдайларды, тосын идеяларды талқылау. Сұрақ қою, пікірталастыру.
8. Айына кемі екі жаңа таныс табу. Тыңдау.
9. Әлеуметтік түрлі топтардың жиындарына қатысу. Қайырымдылық қорларының жұмыстарына атсалысу.
10. Оқыған кітаптардың тізімін жазу. Ондағы кейіпкерлердің суретін салу немесе образдарын жазу.
11. Қағазға немесе компьютерге «ал егер...» сөзін теріп, содан соң кез келген нәрсені жазыңыз. «Ал егер атақты актриса бомжды жақсы көріп қалса ше?».
12. Ең танымал, атақты тұлғаның өмірін зерттеңіз. Егер тарихи тұлға болса, оны осы өмірге әкеліңіз. «Егер Ыбырай Алтынсарин Алматыдағы бір мектепке мұғалім боп келсе ше?»
13. Ең кедей танысыңызды ең бай адам қылыңыз. Оның мінезі, дүниетанымы қалай өзгерер еді?
14. Көрген түстерді жазып жүріңіз.
15. Күнделік жазыңыз.
16. Тақтайшаға суреттер ілу. Коллаждар жасау.
17. Баламен ойнау. Бала үшін өмірдің мәні, ал сіз үшін миды тынықтыру. Жаңа идея келуі мүмкін.
18. Аниме немесе мультфильм көру.
19. Газет-журналдар, комикстер қарау.
20. Кез келген идеяны, сюжетті, характерлерді, декорацияны, ситуацияны, диалогтарды жазып жүріңіз.